Түркияда 3 мыңдай мемлекеттік қызметкер «террорлық іс-әрекеті» үшін жұмыстан шығарылды

11:05, 25 желтоқсан 2017
327

Түркияда мемлекеттік қызметтегі 2746 адам «террористік әрекетке барды» деген күдікпен жұмыстан босатылды. Түркия билігі өткен жылғы сәтсіз әскери төңкерістен бері әлі тазарту жүргізіп жатыр. Бұл туралы centralasian.org басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.

24 желтоқсанда жарияланған үкімет қаулысына сәйкес, 637 әскери қызметкер, жандармерияның 360 қызметкері, 150 ғалым және университет оқытушысы қызметтен қуылды.

Түрік билігі АҚШ-та жүрген Фетхуллах Гүленді 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп айыптайды. Сол себепі өткен жылдың жазынан бері Түркияда 110 мыңнан астам адам қызметтен босатылды немесе аластатылды. Гүленмен байланыста болды деген күдікпен 50 мыңнан астам адам қамауға алынды.

Айта кетейік, мемлекеттік төңкеріс талпынысы кезінде 240 адам қаза тапты. Гүлен бұл төңкеріске қатысым жоқ деп отыр. Түркия президенті Ердоған Гүленнің қозғалысына төтеп беру үшін репрессия қажет деп санайды. Құқыққорғаушылардың айтуынша, төңкеріс талпынысын Ердоған басқаша ойлайтындарды тұншықтыруға ілік ретінде пайдаланып отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!