Түркияда конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум аяқталды

23:32, 16 сәуір 2017

Түркияда конституцияға өзгеріс енгізу бойынша өткізілген жалпыхалықтық референдум аяқталды.

Соған байланысты жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де елдегі барлық сайлау учаскелері жабылған.

Енді сайлау комиссиясы берілген дауыстарды санауға кірісті. Алдағы уақытта алғашқы нәтиже жарияланатын болады.

Айта кету керек, Түркия заңы бойынша референдум мен сайлау кезінде экзит-полды алдын ала болжауға тыйым салынған.

Жалпы азаматтардың дауыс беруі үшін 167 мың сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Мұнда 55 миллионнан астам адам мемлекеттің келешегіне қатысты таңдау жасады. Ал шет мемлекеттерде тұрып жатқан түрік азаматтары мерзімнен бұрын дауыс берген. Саяси шараның қауіпсіздігін 250 мың полицей қадағалады.

Хабар 24

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!