Түркияда 27 әскери қызметкерді қамауға алуға ордер берілді

17:46, 2 тамыз 2018

Анкара прокуратурасы 2016 жылғы төңкеріс жасауға қатысы бар деген күдікпен әскери теңіз күштері құрлымының 20 әскери қызметкерін қамау жөнінде ордер берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Агенттік таратқан дерек бойынша, Түркия астанасының сегіз ауданында 27 әскериді ұстау операциясы жүргізілуде. Анкара оларға төңкеріс ұйымдастырған «фетхуллах» лаңкестік тобымен (FETO) байланысы бар деген айып тағып отыр.

2016 жылдың 15 шілдесінде Түркия қарулы күштерінің бір топ жауынгерлері мен офицерлері елде төңкеріс жасап, президент Тайип Ердоғанды ұстамақшы болған. Ол кезде Стамбул мен Анкара қаласында халық қарсылық танытып, 250 адам қаза тапқан еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!