Түркия Сирия жерінде бітімді қадағалау бекетін орнатты

17:34, 20 қазан 2017

Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінде қол жеткізілген уағдаластықтар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде Сирияда қақтығыстар азайып, гуманитарлық ахуал жақсарған.

Түркия Идлиб провинциясындағы деэскалация аймағында бітімді қадағалау үшін алғашқы бақылау пунктін орнатты. Бұл туралы елдің қарулы күштері бас штабы мәлімдеді. Құжатта «Түркия Сирияда бітім орнатуға кепіл мемелекеттің бірі ретінде өз міндеттемелерін орындап келеді» делінген. Жалпы Анадолы елі аталған аймақта 3 тұрақты база мен 40 бақылау пунктін орнатпақ.

Айта кетейік, 9 қазанда түрік әскері Идлибте әскери операция бастайтыны жайлы мәлімдеген еді. 

Сондай-ақ Ракка қаласы содырлардан азат етіліп, оларға қарсы коалиция жеңіс туын желбіретті. Бұған дейін Мосул, Пальмира қалалары лаңкестерден азат етіліп, Дейр-Эз-зордың үш жылдық қоршауы бұзылған болатын. Алайда сарапшылар «тоқмейілсіп, бөрікті аспанға лақтыруға әлі ерте» деп отыр. 

Ксения Светлова, Израиль кнессетінің депутаты:

-Олар өздерінің әлсіз екенін түсініп, коалиция басшылығында американдықтардың тұрғаны мен Сирия армиясына Ресейдің көмек беретінін ұғынып, лаңкестік қимылдарын өзге араб мемлекеттерінде, Еуропада немесе АҚШ-та жалғастыратынын анық аңғартты. Бірақ дәл осындай халифат қайтадан құрылмайтыны мәлім. Бұл кезең олар үшін толық аяқталды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!