Түркия америкалық санкцияларға жауап қайтармақшы

12:49, 2 тамыз 2018

Түркия АҚШ-тың екі жоғары қызметтегі шенеунігіне қарсы санкциялар енгізу туралы шешімін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз АҚШ билігін осындай қате шешімнен бас тартуға шақырамыз», - делінген Түркияның сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде.

Түсіндіріліп кеткендей, Түркия Вашингтонның бұл әрекетін «жауласу» деп бағалады.

Сәрсенбіде, 1 тамызда АҚШ америкалық пастор Эндрю Брансонды және Түркияда АҚШ-тың дипломатиялық миссиясында жұмыс істеген адамдарды қамауға алғаны үшін қатысы бар Түркияның әділет және сыртқы істер министрлеріне қарсы санкциялар енгізді.

Айта кетейік, олар Анкарада жүзеге аспай қалған шілделік көтерілісті ұйымдастырушы, ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленнің қозғалысына қолдау көрсетті деген күтікпен 2016 жылы қазанда қамауға алынған болатын.

Bloomberg атап өткендей, Вашингтон Анкараға қарсы санцияларды бірнеше рет кейінге шегерген, себебі Э.Брансон мен өзгеде қамауға алынғандар босатылады деп күткен.

«Егер АҚШ билігі осындай әдіспен өзінің заңсыз талаптарын орындата алмайтынын түсінбесе біз проблемаларымызды шеше алмаймыз», - деп жазды Twitter-де Түркияның СІМ басшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!