Түркіменстанда темекі тапшы. Халық ауласында өсіріп жатыр

12:12, 10 қыркүйек 2020

Лебап жазығындағы Керкин және Хожамбаз елді мекенінде заңсыз темекі өндірісі кең етек алып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Азаттықтың түркімен қызметінің аймақтағы тілшісіне сілтеме жасап.

"Адамдар үйінің есік ауласында темекі өсіріп жатыр. Олар мұны арзан бағаға сатады. Мысалы темекінің бір данасы 1,5-2 манат тұрады" деген тілшіге аты-жөнін жасырған тұрғын.

Бұдан бөлек темекі мен насыбайды өндіретін кіші фабрикалар да пайда болған. Мысалы, 100 грамм насыбай 20-30 манаттан сатылып жатыр.

Тілшінің айтуынша, заңсыз темекі өндірісінің кең етек алуына мемлекеттік дүкендердегі темекі бағасының қымбат болуы мен сапасының төмендігі себеп.

2016 жылдың наурыз айында Түркіменстанда "темекіні елге әкелу мен өндіруді реттеу" жөнінде қаулы қабылданған. Оған сәйкес, темекі тек мемлекеттік дүкендерде ғана сатылады.

Аталған қаулы қабылданған төрт жыл ішінде темекі он есе қымбаттап, 3 манаттан 30 манатқа бір-ақ жеткен.

Түркіменстан билігі 2025 жылға қарай елде ешкім темекі тартпайтын болады деп мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!