Түркіменстанда мемлекеттік баспасөзге міндетті түрде жазылу науқаны басталды

10:11, 29 қазан 2019
1231

Түркіменстанда мемлекеттік басылымдарға жаппай жазылу науқаны басталды. Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, бұл жолы мектеп оқушыларын да газет-журналдарға жазылуға мәжбүрлеп жатыр, деп жазады centralasian.org.

Елдегі мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер үкіметтік басылымдарға міндетті түрде жазылуы тиіс. Кейін ақша олардың айлығынан және шәкіртақысынан алынып тұрады.

- Мары облысындағы кәсіпорын қызметкерлеріне газет-журналдарға міндетті түрде жазылуы керектігі айтылған. Мектеп оқушыларына да "Гунеш" журналына жазылу үшін каникулдан кейін 14 манаттан (ресми бағамға сәйкес 3,5 манат 1 долларға тең) жинау керектігі ескертілген, - дейді радионың аймақтағы тілшісі.

Оның айтуынша, білім беру мекемелерінің қызметкерлері жазылу үшін 40-50, денсаулық сақтау қызметкерлері 50-100 және мұнайгаз саласында жұмыс істейтіндер 50-60 манаттан беріп жатыр.

Түркіменстанда газет-журнал сатқан дүңгіршіктер аз. Азаматтар мемлекеттік басылымдарды өте сирек сатып алады.

Өлкеде 30-ға жуық газет және одан шамалы көп журнал шығады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!