Түркіменстан 40-тан асқан еркектерге шаш бояуға тыйым салды

09:51, 6 ақпан 2020

Түркіменстанның шығысындағы Лебап аймағында 40 жастан асқан ер шенеуніктерге ақ шашпен жүруді міндеттеген.

Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Осылайша мемлекеттік қызметкерлер самайына ақ түскен ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сияқты ақ шашпен жүруі тиіс.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, 1 ақпаннан бастап шенеуніктер, мұғалімдер мен дәрігерлерге шаш боюға тыйым салынған. Шашына ақ түспегендер шаштарын аққа я сұрға бояуы тиіс.

Азаттықтың Түркімен қызметінің дерегінше, егер президент Бердімұхамедов аймаққа келе қалған жағдайда шашына ақ түскен шенеуніктер ғана кездесуге кіргізіледі.

2019 жылы қаңтарда Түркіменстанның мемлекеттік мекемелеріне, мектеп, ауруханаларға Бердімұхамедовтің жаңа портреттерін сатып алу міндеттелген. Жаңа портреттерде президенттің шашына ақ түскені байқалады. Бұған дейінгі портреттерде оның шашы қара болған еді.

Азаттықтың Түркімен қызметі бұл жайтқа байланысты ресми комментарий ала алмағанын хабарлады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!