Түркіменстан билігі бюджет қызметкерлерін мақта теруге шығарды

10:30, 18 қазан 2019

Түркіменстанның батысында мақта теруге теңіз портының қызметкерлері тартылды.

Бұл туралы turkmen.news басылымының ақпаратына сүйенген centralasian.org жазады.

Мәліметке қарағанда, Түркіменбашы халықаралық теңіз портының қызметкерлері мақта теруге шығып жатыр.

Мақта теру 10 күнге созылады. Қызметкерлер тамағын, жататын жерін өздері қамтамасыз етуі тиіс.

Бірқатар қызметкерлер кадр бөліміне 300 манат (17 доллар) төлеп, мақта теруден бас тартқан. Бұл портта жұмыс істейтіндердің айлығының тең жартысы.

Халықаралық ұйымдардың сынына қарамастан, Түркіменстан мәжбүрлеп мақта теру тәжірибесінен бас тартқан емес. Биыл түркімен билігі 1 миллион 50 мың тонна мақта теруді жоспарлаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!