Түркіменбашы туған күнін дүркіретіп тойлатуда
© Сурет: видеодан кадр
Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 29 маусымда Ашғабадта "Аркадаг" қонақ үйінің ашылу салтанатына қатысты. Елде экономикалық дағдарыс тереңдей түскен уақытта түркімен билігі қымбат ғимарат құрылысын аяқтады, дейді centralasian.org.
Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қонақ үйді Ашғабад қаласы әкімдігінің тапсырмасымен Bouygues Batiment International француз құрылыс компаниясы тұрғызған.
Қонақ үй президент Бердымұхамедовтің ресми атағы - "Аркадаг" деп аталды. Қымбат ғимарат ашылған күні Бердымұхамедов 64 жасқа толды.
Қонақ үйде 14 қабат бар, ғимараттың биіктігі 77 метр.
Бердымұхамедов Түркіменстанды 14 жылдан бері басқарып отыр. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары оны авторизм жүйесін құрып, адам құқықтарын аяққа таптады деп айыптап отыр.
Астанада зәулім қонақ үй ашылған уақытта түркімен халқы экономикалық ауыр дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Елде азық-түлік тапшы, баға қымбат.
Бақылаушылардың айтуынша, Түркіменстанда бас көтерген қымбат қонақ үйлердің дені бос тұр. Жабық Түркіменстанға шетел туристері келмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады