Түркімен билігі азық-түлік кезегін жасыруға тырысуда

16:55, 28 сәуір 2021
1626

© Сурет: azathabar.com (RFE/RL)

Түркіменстандағы Лебап уәлаятының орталығы - Түркіменабад қаласында да мемлекеттік дүкендер алдындағы кезекті жасыруға тырысып жатыр, дейді centralasian.org.

Бұның алдында Ашғабад билігі осындай әрекетке барған.

Екі апта тұрын президенттің ұлы Сердар Бердымұхаммедов астанадағы дүкендер алдына жиналуға тыйым салды. Оның пікірінше, мұндай кезектер әкесінің "беделіне нұқсан келтіреді",

Жаңа тәртіп бойынша, азаматтар дүкеннен тауар алу үшін алдын ала тіркеліп, сатушы хабарласқанда ғана дүкенге баруы тиіс.

Түркіменабадта дүкен алдына төрт адамнан артық тұруға болмайды. Қалған тұрғындар кезек келгенше көрші үйлерге кіріп тұруға мәжбүр.

"Полиция қызметкерлері дүкенге төрт адамнан артық кезекке тұруға рұқсат бермейді. Тауарлар дүкеннің алдында емес, артында сатылады. Бұған қарсы шыққандарды полиция ұстап, кезектен алып тастайды", - дейді Түркіменабад тұрғыны.

Түркіменстан бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарыстан шыға алмай отыр. Қара базарда ұлттық валюта бағамы түсіп кеткен соң, тұрғындар базардан және жекеменшік сауда нүктелерінен азық-түлік сатып ала алмай қалды. Олар мемлекеттік дүкендердегі арзан тауарға тәуелді.

Адамдар мемлекеттік дүкендердің алдына таң атқанда кезекке тұра бастайды, әйтпесе тауар жетпей қалады.

Мұндай дүкендерде бір адамға айына бір литр мақта майы, бір литр күнбағыс майы, бір келі қант және бір келі күріш сатылады. Жұмыртқа мен тауық еті дүкенге сирек түседі.

Бір тоқсанға бөлінген тауарды уақытында сатып алу керек, әйтпесе лимит күйіп кетеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!