Түркі жұртының тынысы кеңейетін бір дәуір келе жатыр

09:15, 23 қазан 2020
459

Реджеп Тайып Ердоғанның кешегі мәлімдемесінде тарихтағы Османлы империясын құрудың алғышарттары ап-анық көрінгендей болды, дейді желіде Бекболат Қаржан.

Оның көздеген территориясында Кавказ, Жерорта теңізі айлақтары, Сирия, т. б. аймақтар аталды. Жалпы, Ердоған өзінің әскери әлеуетіне сенеді екен. Османлы империясы болсын, Тұран идеясы болсын, оған АҚШ та, Ресей де, Қытай да мүдделі емес. Керісінше ыдыратуға барын салары хақ.

Ердоған батыр алған райынан қайтар емес. Қазір Түркия планетадағы соғыс тактикасының мүлдем басқа профильге ауысқанын көрсетті. Шын мәнінде Ресейдің сақырлаған соғыс техникаларының дәуірі өтіп бара жатқанына Путиннің жаны төзбесі анық. Түркия ұшқышсыз бомбалаушы дрондардың жаңа моделдерін таныстырып, бәсекелестерді тағы да үнсіз ойға салып қойды. Елдегі Tusas Engine Industries ұлттық компаниясы бомбалаушы аппараттардың көтергіш двигательдерін жасап шығаратын сынамаларды сынақтан сәтті өткізіп жатыр. Жаңа форматтағы Akinci ("Ұшатын балық" деп аталады) бомбалаушы дрондардың көтергіш двигательдері де осы компания арқылы жасақталып жатыр. Заманауи БПЛА ның ең мықты моделі осы болады әрі 2023 ж дейін өндірістік әлеуетін күшейтеміз деп мәлімдеме жасады Baykay Maniya. Компания өкілдері бұдан былай бомбалаушы аппараттардың көтергіш двигательдерін сатып алуда шетелге тәуелді болмайтынын атап өтті. Akinci қазіргі бомбалаушы аппараттардың ең соңғы моделі екен. Бұл дрондар Байрактардан анағұрлым көлемді әрі жойқын күші бар.

Түркия өзінің әлемдік саяси аренадағы ықпалды ойыншы екенін көрсетіп, қаруы мен әскери әлеуетіне сеніп отыр. Не болса да, түркі жұртының тынысы кеңейетін бір дәуірдің келетіні күмәнсіз. Ал, мынау Таулы Қарабақ бұл алып жобаның ең алғашқы баспалдағы ғана сияқты.

Османлы империясы мен Тұран идеясының іске асатын тарихи алғышарттары қалыптасса, түркі жұртын ортақ идеологиялық саяси күшке айналдыратын оның рычагы Түркия болады, деп пайымдайды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!