Туристердің Тайландта естелікке тауар алудан бас таруы халықаралық дау тудырды

16:44, 16 қазан 2025

© Сурет: pexels

Тайландтағы Қытай елшілігі туристерге қарсы алаяқтықтың жиілеуі туралы шұғыл ескерту таратты. Елде саяхатшылардың қалтасын қағып түсірер айлалы саудагерлердің кәсібі дамыған. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

The Pattaya News басылымының мәліметінше, 13 қазанда Қытайдан автобуспен келген туристік топты жүргізуші мен қытайлық гид келісіп алып, қымбат дүкендердің қасына түсіріп тастаған. Гид саяхатшылардан естелікке тауар сатып алуын талап еткен, ал сатып алудан бас тартқандарды автобусқа қайта алмайтынын айтып қорқытқан.

Журналистердің айтуынша, сувенирлердің бағасы негізсіз түрде өте жоғары бағаланған. Әрбір сату кезінде гидке комиссия ретінде пайыздар берілген.

Бұл жағдай видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде кең тарады. Қытай азаматтарының наразылығына Тайландтың туризм министрі Аттхакорн Сирилатаякорн назар аударып, тергеу жүргізуді тапсырды. Ол зардап шеккен туристердің құқықтарын қорғауға уәде берді.

 

 

Бұған дейін Үндістанда қорық күзетшісін жолбарыс талап өлтіргенін жазғанбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!