Турист әйел түнде лайнерден құлап, 10 сағат теңізде болды

10:01, 20 тамыз 2018
507

Ұлыбритания азаматы Norvegian Star америкалық круиз лайнерінің бортынан құлап, Адриатикалық теңізде 10 сағатқа жуық болды және аман қалды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Әйел жексенбі күні түн ортасында Хорватияның жағалауынан 100 шақырым қашықтықта болды. Жағалау күзеті таңертең британиялық туристі құтқарды.

Әйел суға құлаған жерінен 1 300 метр және круиз шыққан Пулядағы порттан 60 теңіз миля қашықтықта табылды.

Құтқарушылардың айтуынша, британиялық қатты шаршыған. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтты. Тергеу жүріп жатыр.

Британиялық БАҚ ақпаратына қарағанда, құлаған әйелдің аты - Кэй Лонгстафф, 46 жаста. Әйелдің айтуынша, ол лайнердің артқы жағынан теңізге құлаған. Кэй өзін құтқарған жағалау қызметкерлерін «тамаша жігіттер» деп атады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!