Түрікменстанда көп әйел алуға тыйым салынды

16:37, 19 маусым 2018
406

Түрікменстанда Отбасы кодексіне көп әйел алуға тыйым салатын жаңа норма енгізілді. Бұл туралы үкіметтің «Нейтральный Туркменистан» орыстілді газеті жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Газетте президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған Отбасы кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы заң мәтіні берілген.

Қабылданған заң кодекстің 7-бабы «Түрікменстанда көп әйел алуға жол берілмейді» деп толықтырылған.

«Көп неке бір отбасында екі немесе бірнеше әйелдермен бірге тұру дегенді білдіреді», - деп нақтыланған толықтыруда.

Аталған заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.

Түрікменстанда халықтың көп бөлігі төрт әйел алуға рұқсат беретін ислам дінін ұстанатынына қарамастан, елде көп әйел алған адам қылмыстық жауапқа тартылатын. Енді Қылмыстық кодексе сәйкес, көп әйел алған адам аса ірі көлемде ақшалай айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін түзеу жұмыстарына жіберіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!