Түрікменстан президентінің ұлы мәжіліс депутаты болып сайланды

12:23, 30 наурыз 2018

Түрікменстан президентінің ұлы Сердар Бердімұхамедов мемлекеттегі Парламент мәжілісі депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Baq.kz.

Президенттің ұлы "Душак" 25-ші сайлау округінің дауыс беру нәтижесі бойынша парламент депутаты болды. Дауыс беру 25 наурыз күні өтті. Аталған округте сайлаушылар саны - 30 316 адам. Бердімұхамедовпен бірге депутат мандатын №10 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кака Огулджерен Гурдова алуға ниеттенді.

Сердар Бердімұхамедовке 25 700 адам дауыс берді. Бұл жалпы дауыс берушілердің 91,42%-ы. Ал Огулджерен Гурдоваға 2 412 сайлаушы дауыс берді.

Естеріңізге сала кетсек, Түрікменстан президенті Гурбунгулы Бердімұхамедовтың билікті ұлы Сердар Бердімұхамедовке тапсыруы мүмкін екені туралы хабарлаған едік.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!