Түрік әскерилері 45 лаңкестің көзін жойды

02:32, 12 ақпан 2017

Түрік әскерилері «Ефрат қалқаны» операциясы аясында бір күннің ішінде лаңкестердің 245 нысанын қиратып, 45 лаңкестің көзін жойды.

Шара басталғалы 172 күннің ішінде 2 мың 156 террористің жолын кесті. Осылайша, түрік жасағы 228 елді мекенде орналасқан аумағы 1 мың 880 шаршы шақырым болатын жерді лаңкестерден тазартты. 

Сирия жерінде бейбітшілік орнату жолында жүрген 67 жауынгер қаза тапты.

Айта кетейік, «Ефрат қалқаны» операциясы 24 тамызда басталды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!