«Тур де Франс» шарасын ұйымдастырушылар жанкүйер қызды іздестіріп жатыр

14:55, 28 маусым 2021

© Сурет: видеодан алынды

Веложарыс алаңында қолында плакаты бар қыздың кесірінен үлкен апат болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тур де Франс" 108-ші көпкүндік веложарысының басталуы 20 шақты спортшының жарақат алуы сынды оқыс оқиғамен елдің есінде қалатын болды, деп хабарлайды Russia Today.

Жолда жапырлай құлаған велошабандоздар оқиғасына қолында плакаты бар қыз кінәлі. 20-дан астам велошабандозға медициналық көмек қажет болды, олардың төртеуі жарыстан еріксіз бас тартты. Полиция оқыс оқиғаға кінәліні іздестіріп жатыр.

Веложарыстың бірінші кезеңі Брестен Ландерноға дейінгі таулы аймақта өтті. 200-ге жуық велошабандоз тар жол бойымен бірыңғай пелотонмен ызғытып келе жатты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!