Түні бойы телефонға телмірген қыз соқыр болып қалды

11:16, 15 қараша 2019

Қытайдағы Шэньчжэнь қаласының тұрғыны смартфонды тым көп пайдаланғандықтан сол көзі көрмей қалды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Бойжеткен түнімен телефонда ойын ойнапты. Ертесі оянғанда көзін аша салып, тағы да смартфонына үңілгенде сол көзінің көрмейтінін байқайды.

Қыз ауруханаға жүгірді. Оның дәрігері Цю Ванцзянь, хабарлағандай, көздің ішкі тор қабығында қан ұйып қалып, көз содан көрмей қалған.

Көзге ауыр салмақ түсіп, тамырлары жарылып кеткен екен.

Дәрігерлер лазердің көмегімен тор қабығынан кішкентай тесік жасап, артық қанды алып тастады. Енді қыздың көзі қайтадан көретін болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!