«Тұмауратқан» жігіт аяқ-қолынан айырылып қалды

16:04, 18 мамыр 2018

Дәрігерлер суық тиген деп диагноз қойған 24 жастағы жігіт аяқ-қолынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Дэвид Морана есімді Испания тұрғыны бастапқыда иек тұсының ауырғанын айтады. Емханаға барып тексерілгенде дәрігерлер суық тигенін айтып, қайтарып жіберген. Осыдан соң науқастың дене температурасы көтеріліп, денесіне қоңыр дақтар шығып кеткен.

“Жүрегім айнып, құса бердім. Дәрігерлер кейін менингит екенін айтты. Ауру екі күнде денемнің барлық бөлігіне тарады. Дәрігерлер аман алып қалу үшін аяқ пен қолымды кесуге мәжбүр болды”, – дейді жігіт.

Бұған дейін салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен шұғылданған жігіт қайта сол іспен айналысқысы келеді. Сондықтан ақша жинап, жасанды аяқ-қол салдырмақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!