Туған қызын өзіне әйел етіп алған кісі сотталып кетті

16:58, 3 маусым 2019

АҚШ-тағы Небраска тұрғыны Трэвис Филдгроув өзінің туған қызына үйленіп алғаны үшін екі жылға сотталды. Бұл туралы Omaha World-Herald басылымы жазады.

2018 жылдың күзінде полицияға тым ересек Филдгроув пен 21 жастағы Саманта Кершнер арасында жыныстық қатынас болғаны туралы ақпарат жеткен .

Анасы қызын биологиялық әкесімен үш жыл бұрын ғана таныстырған. Бірақ әке өз қызын өз қызым деп қабылдамаған екен.

Ал енді қыз Кершнердің айтуынша, ол өмірінде жаңадан пайда болған осы бір еркектің басын кім бірінші айналдырады деп үйдегі әпкесімен бәстескен екен. Бәсте жеңілмеуге тырысқан ол әпкесінің алдын орап кету үшін барын салыпты.

Полиция жүргізген ДНК тесті Филдгроувтың Кершнердің шын әкесі екенін растады. Екеуіне инцест жасады деген айып тағылып, сегіз жылға дейін сотталуы мүмкін еді. Бірақ сот жазаны жеңілдетті.

Филдгроув екі жылға сотталды. Түрмеден шыққаннан кейін де бір жыл бойы Кершнермен кездесуіне тыйым салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!