Трамптың Twitter-дегі аккаунты Байденге беріледі

09:08, 23 желтоқсан 2020

Twitter әлеуметтік желісі Ақ үйдің ведомстволық аккаунттарын Джо Байден әкімшілігіне беруге дайындалуда. Аккаунттар АҚШ-тың сайланған президентінің инаугурациясы өтетін күні – 2021 жылы 20 қаңтарда беріледі, деп хабарлайды zakon.kz CNN-ге сілтеме жасап.

2017 жылы президент ауысқан кездегідей, бұл жұмыс Ұлттық мұрағат басқармасымен бірлесе жасалады, деді Twitter өкілі Ник Пасилио CNN-ге.

Трамп әкімшілігі жариялаған твиттерді АҚШ-тың Ұлттық мұрағат және құжаттама әкімшілігі мұрағаттайды. Сондай-ақ, Трамптың әйелі мен Ақ үй баспасөз хатшысының әлеуметтік желілері де Байденнің тарапына беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!