Трамптың кортежі өзін тоқтатпақ болған полицейді қағып кетті

16:16, 26 қаңтар 2018

Тәртіп сақшысы көлікті тоқтатқанда, жүргізуші тоқтаудың орнына жылдамдықты күшейтіп, полицейді қағып өтті, деп хабарлайды Baq.kz korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға бейсенбі күні кешкі мезгілде болған. Трамптың кортежіндегі BMW X5 маркалы ақ көлік өзін тоқтатпақ болған полиция қызметкерін қағып өтті. Десе де, полицей дер кезінде артқа шегініп үлгеріп, ауыр жарақат алмады. Дәл осы сәт бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған екен.

Аталған оқыс оқиғаға қатысты Швейцария тарапынан да, Америка тарапынан да ресми пікір айтылмады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Дональд Трамп Давоста өтетін Халықаралық экономикалық форумда сөз сөйлейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!