Трамппен кездесу кезінде UFC спортшысының әбден есі шықты

13:40, 15 қыркүйек 2020

Тайрон Вудлиге қарсы жекпе-жекке шығатын UFC спортшысы Колби Ковингтонға сәттілік тілеу үшін ойын алаңына АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі келді. Трамп жанына келгенде спортшы өзін қалай ұстарын білмей әбден састы, біресе ыржиып, біресе суық түр жасап, ақырында президенттің қолын сүюге әрекеттеніп, біртүрлі қимыл танытты, деп хабарлайды zakon.kz.

Instagram-дағы видеода Дональд Трамп Колбидің жанына келіп, камераға қарап, тілек айта бастайды. Бір кезде спортшы бір қолын Трамптың иығына қояды, оны құшақтағысы келгендей.

"Мен Колбидің жекпе-жегін көруге келдім, мен оның жанкүйермін. Ол - жеңімпаз және чемпион. Бұл керемет кеш, керемет жекпе-жек болады. Мен оған алдағы жекпе-жекте сәттілік тілеймін. Сәттілік, саған чемпион", - деді Трамп.

Осыдан кейін президент спортшының қолын алды, ал Колби кенеттен Трамптың қолын өзіне тартты, соған қарағанда сүймек болды. Бірақ АҚШ президенті мұндай көңіл-күйде болмағаны анық, сондықтан Колбидің бұл ойлағаны жүзеге аспай қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

The #POTUS @realdonaldtrump will be tuned into @ESPN to watch me at #UFCVegas11 this Saturday night, how about you snowflakes? ????- @sartoriagherardi

Публикация от colbycovington (@colbycovmma) 13 Сен 2020 в 6:46 PDT


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!