Трамп Ресеймен қатынасты жақсартқысы келетінін айтты

11:02, 19 сәуір 2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей, Қытай, Жапония және басқа елдермен қарым-қатынасты реттегесі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Егер біз Қытаймен, Ресеймен, Жапониямен және басқа да елдермен қарым-қатынасты реттесек – жамен емес, жақсы болар еді», - деді Трамп Флоридада премьер-министр Синдзо Абэмен өткен баспасөз конференциясында.

Мұнымен қоса, Америка басшысы Ресей жаңа «санкцияға лайық болса», тағы да санкция салатынын айтты.

Ресейге қарсы тағы санкция саласыз ба деген сұраққа ол:

«Өздері соған лайық болса ғана», - деп жауап қайтарды.

Сонымен қатар, АҚШ басшысы өзіне дейін ешкім Ресеймен қатал болмағанын айтты.

«Ешкім президент Дональд Трамп секілді Ресеймен қатал болған емес», - деді Трамп.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!