Трамп пен Ким Чен Ын кездесетін қонақүй белгілі болды

17:05, 6 маусым 2018

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның 12 маусымда нақты қай жерде кездесетіні белігіл болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүкіл әлем назар аударған саммит Сингапурдегі Сентоса аралындағы Capella /Капелла/ қонақ үйінде өтеді. Бұған дейін хабарлағандай жүздесу жергілікті уақытпен таңғы сағат 9-да басталады.

Ал екі ел делегациясынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полицияның арнайы бөілмдерімен бірге осыған дейін Азия-Тынық мұхиты аймағының конференциясын қорғаған жауынгерлер жұмылдырылады. Әзірге саммитке Оңтүстік Корея басшысы Мун Чже Инның қатысатыны белгісіз. Сеул қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр.

Бірақ ақпарат құралдарының хабарлауынша оңтүстік Кореяның 1 топ дипломаты Сингапурға аттанған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!