Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған қылмыскерді өлім жазасына кесуді талап етті

17:43, 2 қараша 2017

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте теракт ұйымдастырған Сайфулло Саиповты өлім жазасына кесу керек деді. Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлайды, - деп жазады Stan.kz.

“Нью-йорктік террорист өзі жатқан аурухана палатасына ДАИШ туын ілуді өтінгенде қуанып тұрды. Ол сегіз адамды өлтірді, 12 адамды ауыр жаралады. Оны өлім жазасына кесу керек!”, — деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Саипов террорлық акті жасады деп айыпталды, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. Федералды тергеу бюросы күдіктінің теракт жасау үшін Хэллоунді әдейі таңдағанын мәлімдеді. Себебі бұл күні көшеде көп адам жүрген.

Естеріңізге салып өтсек, сейсенбі күні Нью-Йоркте Саипов айдаған жүк көлігі велосипед жолына шығып, бірнеше адамды басып өтті. Күдікті ауруханаға түсті. Теракт салдарынан сегіз адам қаза тауып, оннан астамы жараланды. Кейінірек 29 жастағы Саиповтың Өзбекстан тумасы екені, Америкаға жеті жыл бұрын көшіп келгені белгілі болды.

Фото: Stan.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!