Трамп 73-ке толды. Елбасы телерадиокешені АҚШ президентін құттықтады

11:22, 14 маусым 2019

АҚШ президенті Дональд Трамп 14 маусымда туған күнін атап өтуде. ҚР Президентінің телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаев пен Трамптың кездесуін еске түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті Дональд Трамп 73 жасқа толады. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары арасында тұңғыш болып Трамп мырзаның шақыруымен Жаңа Дүниеге ресми сапарымен барған еді. Естеріңізде болса, аталмыш сапары 2018 жылы өткен болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы кейінірек сұхбаттың бірінде атап өткендей, «тіпті АҚШ тұрғындарының түсінігі бойынша жаңа, біртума АҚШ президентімен» әңгіме қозғалды. Жалпы алғанда американдық бес президент Елбасын ресми сапармен келуге шақырған болатын. ____________________ Сегодня 45-му президенту США Дональду Трампу исполняется 73 года. Нурсултан Назарбаев был первым из глав всех центрально-азиатских государств, которого г-н Трамп пригласил в Новый Свет с официальным визитом. Этот визит состоялся, как вы помните, в 2018 году. Как потом отметил Нурсултан Абишевич в одном из интервью, беседа прошла с «новым, оригинальным президентом США, который вышел из канонов, привычных даже для жителей Штатов». Всего же нашего Елбасы с официальным визитом приглашали пять американских президентов.

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) 13 Июн 2019 в 7:55 PDT

– Бүгін Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті Дональд Трамп 73 жасқа толады. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары арасында тұңғыш болып Трамп мырзаның шақыруымен Жаңа Дүниеге ресми сапарымен барған еді. Естеріңізде болса, аталмыш сапары 2018 жылы өткен болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы кейінірек сұхбаттың бірінде атап өткендей, «тіпті АҚШ тұрғындарының түсінігі бойынша жаңа, біртума АҚШ президентімен» әңгіме қозғалды. Жалпы алғанда американдық бес президент Елбасын ресми сапармен келуге шақырған болатын, – делінеді хабарламада.

Дональд Джон Трамп 1946 жылы 14 маусымда туған. Бұрын – кәсіпкер болған (негізінен жылжымайтын мүлік саласында), шоумен және тележүргізуші. 2016 жылы "Time" журналы оны "Жыл адамы" деп атаған. 1971 жылдан бастап 2017 жылға дейін Дональд Трамп Trump Organization құрылыс конгломератының, құмар ойын және қонақ үй бизнесімен айналысатын Trump Entertainment Resorts компаниясының президенті болған. 1996—2015 жылдары "Жаһан аруы" сұлулық байқауының иесі болған.

2016 жылы 8 қарашада өткен президент сайлауында Дональд Трамп Демократиялық партия атынан түскен кандидат Хиллари Клинтоннан басым түсіп, сайлаушылардың 56,88% дауысын алған.

Дональд Трамп 70 жасында тұңғыш рет президент сайланған ең кәрі АҚШ президенті атанды, 69 жасында президент тағына отырған Рональд Рейганның рекордың жаңартты. Сондай-ақ, Трамп – Ақ үйге кірерге дейін ешқандай мемлекеттік немесе әскери қызметте болмаған тұңғыш АҚШ президенті. Ол аздай, Дональд Трамп президент қызметіне кіріскен ең бай адам болып отыр.

2018 жылдың мамырында республикашылардың 18 конгрессмені Нобель комитетіне хат жазып, корей мәселесін шешуге күш салғаны үшін Трампты 2019 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!