Трамп ДДСҰ-ны қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді

09:51, 15 сәуір 2020

АҚШ Президенті Дональд Трамп: "Ендігіден бастап Вашингтон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатады" деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Америка Президенті журналистерге берген сұқбаты кезінде айтты. Оның айтуынша, ДДСҰ-ны қаржыландыруды тоқтатуына ұйымның коронавирустың жаңа түрінің таралуын болдырмауда жіберген қателіктері себеп.

"Мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтата тұрамын, олар коронавирустың таралуына уақтылы мән беру және оны жасыру бойынша өз қателеріне тексеру жүргізбейінше, - деді Трамп.

Ақ үй басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 туралы ақпаратты дер кезінде ұсынбады, сонымен қатар жаңа коронавирустың қауіптілігі туралы бүкіл әлемге ақиқатты жеткізбеді деп санайды.

ДДСҰ өзінің негізгі міндетін орындай алмады, сондықтан ол жауапкершілікке тартылуы керек. Ондаған жылдардан кейін мұның да уақыты келді, - деді ол.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш АҚШ президенті Дональд Трамптың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтата тұру туралы шешімін сынға алды. Оның айтуынша, қазір ДДСҰ немесе коронавирустық инфекциямен күресетін кез-келген басқа гуманитарлық ресурстарды қысқартатын уақыт емес. Оның айтуынша, дәл қазір ДДСҰ-ны қолдау керек.

Әлем COVID-19 вирусымен соғыста жеңіске жетуі керек. Бұрын айтқанымдай, қазір халықаралық қауымдастыққа осы вируспен күресіп, және оның жойқын салдарын тоқтату үшін бірлесіп жұмыс істейтін кез келді, - деді БҰҰ Бас хатшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!