Трамп бүй дейді: АҚШ 2024 жылға қарай жойылады

11:18, 17 қыркүйек 2021

© Сурет: facebook.com/Donald J. Trump

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп алдағы үш жылда өз елінің жойылып кетуін болжады, деп хабарлайды zakon.kz.

Newsmax-қа берген сұқбатында ол Джо Байден билікке келгелі бері "мемлекеттің жайы бұрын-соңды болмаған күйге ұшырап, құлдырай жөнелген" деген сенімде екенін айтты.

Ал 2022 және 2024 жылдардағы сайлауға барғанда бізде ел де болмайды, - деді ол.

АҚШ 2022 жылы 8 қарашада Палата өкілдерін сайлайды. Ал 2024 жылы 5 қарашада америкалықтар жаңа президентін сайлауы керек. Трамп тағы да мемлекет басшысының сайлауына қатысатын-қатыспайтынын айтпады, бірақ "АҚШ-ты сүйетіндер бақытты болады" деп санайды.

Өткен жылдың қараша айында сайлауда Байденнен жеңіліп қалғалы Трамп оны үнемі сынап келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!