Трамп АҚШ-тағы бүкіл туды төмен түсіруді бұйырды

16:03, 5 тамыз 2019

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тағы бүкіл федеральдық ғимараттарда ілініп тұрған туды түсіріп, оны үш күнге, яғни 8 тамызға дейін көтермеуді бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ президенті бұл туралы Twitteг-дегі парақшасында жазды.

"Мен бүгін Техастағы Эль-Пасо қаласы мен Огайоның Дейтон қаласындағы қанды қырғын құрбандарының құрметіне бүкіл федеральдық ғимараттардағы туды төменге түсіруді бұйырдым. Ақ үйдің туы 8 тамызға дейін түсіп тұратын болады. Біз Мелани екеуміз осы қанды қырғыннан көз жұмғандар үшін дұға тілейтін боламыз", деп жазды ол.

Айта кетсек, Техастағы Эль-Пасо қаласы мен Огайоның Дейтон қаласындағы қанды қырғынның салдарынан 30 адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз: Трамп АҚШ-тағы оқ жаудыру оқиғаларына қатысты мәлімдеме жасады


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!