Трамп АҚШ қарулы күштері Иранның катерлеріне оқ жаудыратынын тағы ескертті

09:54, 23 сәуір 2020

АҚШ қарулы күштері америкалық әскери-теңіз күштерінің кемелеріне жақындаған жағдайда ирандық катерлерге оқ жаудырады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде тілшілер қойған сұрақтарға берген жауабында айтты.

- Иран - бұл қауіп. Біз оларды суда күлін көкке ұшыруымыз керек. Олардың әскери катерлерінің біздің кемелерімізді қоршап, айналасында арлы-берлі ойқастап, жынға тигенін қаламаймыз, - деді Америка президенті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!