Токиода дәрігерлердің ірі бірлестігі Олимпиада өткізуге қарсы шықты

15:16, 19 мамыр 2021
849

© Сурет: AFP

Жапонияда медицина қызметкерлерінің беделді бірлестіктері Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тыйым салуды қолдады. Жарысқа үш ай қалған тұста, бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп тұр, деп хабарлайды centralasian.org.

Токионың дәрігерлер ассоциациясы қазір Жапония астанасында ауруханалар науқастарға толып қалғанын мәлімдеді.

"Біз билік Халықаралық Оимпиада комитетінен жазғы ойындарды өткізуге тыйым салуды сұрауын өтінеміз", - делінген қауымдастық өкілдерінің премьер-министр Ёсихидэ Сугеге жазған хатында. Осыған дейін Жапонияның өзге медициналық топтары мен денсаулық сақтау саласының сарапшылары олимпиада ойындарын өткізуге қарсы екенін білдірген.

Онлайн-петицияға жүз мыңдаған адам қол қойған.

Қазір Жапонияда халқының 3,5%-не ғана вакцина салынған. Вирустың өршуіне байланысты Жапония 31 мамырға дейін еліне төтенше жағдай енгізді.

Премьер Ёсихидэ Суга болса Жапония қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, халықаралық жарысты өткізе алады дейді.

Жазғы Олимпиада ойындары былтыр өтуі тиіс болған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген.

17 мамыр күні АҚШ президенті Джо Байден өзге елдерге COVID-19 вирусына қарсы 20 миллион дана вакцина жеткізетінін мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!