Тоғыз күннен кейін әрең табылған балалар үңгірде төрт ай қамалып отыруға мәжбүр болды

09:44, 4 шілде 2018

Маусым айының соңында Таиландта із-түссіз жоғалып кеткен 12 бала мен футбол жаттықтырушысы үңгірден аман-есен табылды. Алайда олардың үңгірде тағы бірнеше ай қамалып отыруларына тура келеді. Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сіркіреп жауған жаңбыр үңгірге кіретін жерді бекітіп тастағандықтан, құтқару операциясын жүргізу мүмкін емес. Болмаса, балалар үңгірден аман-есен шыққысы келсе тез арада дайвинг үйленулеріне немесе қыркүйек, қазан айына дейін жаңбырлы маусым аяқталғанша сонда отыра тұруларына тура келеді

Алайда, балалар суда жақсы жүзе алмағандықтан өте қауіпті саналатын су басқан аймақтан жүзіп өту қауіпті. Ал, суды сорғылау әрекеттері сәтсіз болып, еш нәтиже бермеді.

Егер балалар үңгірде тағы 3-4 ай тұра тұрса, олар тамақпен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда олардың денсаулығын тексеру үшін арнайы дайындалған дәрігерлер көмекке барады.

Айта кетейік, 11 жастан 16 жасқа дейінгі ер балалар мен 25 жастағы жаттықтырушы тек тоғыз күндік іздеуден кейін табылды. Олар елдің солтүстігіндегі Чиангмай провинциясындағы үңгірдің кіреберісінен төрт шақырым қашықтықта болған екен. Жігіттерден құралған топ үңгірге жауын жаумай тұрып кірген. Алайда, олар оның ішіне отырғанда аяқ асты жаңбыр жауып, үңгірден шығатын жерді су басып, таспен бекітіліп қалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!