«Титаник» жолаушысының анасына жазған хаты 166 мың долларға сатылды

21:19, 22 қазан 2017

Белгілі болғандай, Ұлыбританияда «Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылған еді.

Хаттың авторы – Александр Оскар Хольверсон есімді саудагер. Ол зайыбымен бірге осы кемемен Буэнес-Айрес қаласынан Құрама Штаттарына қайтып келе жатқан. Бірақ апат кезінде қаза табады. Ал жұбайы аман қалған. Хат Хольверсонның қойын дәптерінің ішінен табылған екен. Марқұм анасына жазған хатында «Титаниктегі» музыканы, тағамдар мен кеменің бірінші класында орналасқан жолаушыларды сөз еткен. Бұл жәдігер-хатты аукцион үйі қазанның 21-інен бастап сатылымға шығарған болатын. Хат рекордтық соммаға, яғни 166 мың долларға сатылды. Алайда сатып алушы өз аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген. Төлемді телефон арқылы жасаған «белгісіз британдық» көпшілікке көне жәдігерлерді жинаушы ретінде таныстырылған екен.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!