ТГИЛ содырлары 60 адамның өмірін қиды

17:34, 24 қазан 2017
441

Үш аптаның ішінде «Ирак және Левант лаңкестік тобының» қолынан 60 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Тағы 100-ден астам адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қаскөйлер мұндай қатігездікті Хомс провинциясындағы Эль-Карьятайн қаласында жасаған. Бүгінде шаһар толықтай билік жасағының бақылауына өтті. Бұл туралы провинция губернаторы мәлімдеді. Айтуынша, қаза тапқандардың денішаһар әкімшілігінің қызметкерлері мен зейнеткерлер.

Химиялық қару қолдану оқиғасына қатысты қарар жобасы дайын

Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирияда химиялық қару қолдану оқиғасын тексеру мерзімін ұзартуды дауысқа салады. Бұған дейін АҚШ-тың халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі Никки Хейли тиісті қарар жобасы дайын екенін мәлімдеген.

Еске салсақ, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Хан-Шейхун қаласында биыл 4 сәуірде зарин немесе соған ұқсас улы зат қолданылғанын растады. Сирия оппозициясының хабарлауынша, улы газдан кемінде 80 адам қаза тапқан. АҚШ шабуылды Сирия билігі жасады деп отыр. Дамаск бұл айыптауларды жоққа шығарды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!