Тәжікстан президентінің туыстары министрді соққыға жықты 

09:53, 27 шілде 2021

© Сурет: centralasia.news

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның үш немере інісі дәрігерлер мен шенеуніктерді ұрып-соққан. Арасында денсаулық сақтау министрі де бар. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметінің дереккөзі хабарлады.

Оқиға 20 шілдеде орын алған, сол күні тәжік президентінің туған қарындасы Курбонби Рахмонова COVID-19 вирусынан көз жұмған.

Соққыдан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жамолиддин Абдуллозода мен мемлекет басшысы аппараты жанындағы медициналық орталық жетекшісі Холмахмад Рахимзода зардап шеккен.

Билік денсаулық сақтау министрінің соққыға жығылғаны жөнінде пікір білдірмеді.

Тәжікстан президентінің туған қарындасы, 64 жастағы Курбонби Рахмонова 20 шілдеде ауруханада көз жұмған. Оны емдеуге Германия, Ресей және Өзбекстаннан білікті мамандар шақырылған.

Ол көз жұмардан екі сағат қалғанда, шетелдік дәрігерлер емдеу тәсілі дұрыс емес екенін айтқан.

Бұл оның балалары Фахриддин, Фаррух және Зиёдали Сафаровтардың ашу-ызасын туғызды. Бірден шенеуніктерді бас салып, ұрды. Оларды президенттің үлкен ұлы Рустам Эмомали сабырға шақырған, - дейді дереккөз.

Денсаулық сақтау министрі бәрінен қатты соққы алған. Иығынан жарақат алған.

Денсаулық сақтау министрі АҚШ-тың Тәжікстанға 1,5 миллион дана Moderna вакцинасын беру шарасына қатыспады.

Президенттің қарындасын 21 шілдеде жерлеген. Оның өлімі жөнінде ресми хабарланбады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!