Тәртіп сақшылары жертөледен зымыран тауып алды

17:24, 16 шілде 2019

Тәртіп сақшылары Туринде неонацистердің астыртын қоймасын тауып алды. Жертөледе сақталған қару-жарақтың ішінде әскери зымыран да бар, - деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап, Хабар-24.

Ол бұрын Катардың әскери күшіне тиесілі болған француздың Матра зымыраны болып шықты.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, қаскөйлер зымыранды WhatsApp арқылы сатпақ болған.

Сондай-ақ арсенал арасынан 26 мылтық, 20 сүңгі-найза мен түрлі калибрдегі 800 оқ-дәрі шыққан.

Жалпы қару толы қойма Донбасстағы сепаратистердің қатарына қосылған Италия азаматтарын тергеу кезінде анықталды. Нәтижесінде үш адам қамауға алынды. Олардың бірі - оңшыл радикалдар атынан елдің Парламентіне өтпек болған кеден қызметкері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!