Теріс қарап жатты... Түрік футболшысы өз ұлын өлтіргенін мойындады

10:51, 11 мамыр 2020
1246

Түркияның "Бурса Йылдырым" клубының қорғаушысы Шевер Тоқташ өзінің бес жасар ұлы Қасымды өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Daily Sabah хабарлағандай, сәуірде бала өзін нашар сезініп, жөтеліп, ыстығы көтерілген.

Дәрігерлер баланы терапия бөліміне жатқызды, екі сағаттан кейін ол сол арада қайтыс болды. Осы қайғылы жайттан соң 11 күн өткенде Тоқташ жергілікті полиция бөліміне келіп, баласының өліміне өзі себепкер екенін өз еркімен мойындап, арыз жазды. Футболшы өзінің баласын қылқындырып өлтіргенін айтты.

Қасым теріс қарап жатты. Сол кезде жастықты алып, оның басына қойып, оны 15 минут бойына жібермей, мықтап басып ұстадым. Осы уақыт ішінде ол тыпырлап, соңғы сәтке дейін қарманды. Бір уақытта ол тып-тыныш болып қалды, сол кезде мен жастықты босаттым. Содан кейін өзіме күдік туғызбас үшін дәрігерлерді шақырдым.

Мұндай әрекетке баруының себебін сұрағанда футболшы баласын жақсы көрмейтіндігімен түсіндірген.

"Мен кенже ұлымды туғаннан бастап жақсы көрген емеспін. Неге екенін білмеймін. Оны өлтіруімнің жалғыз себебі де сол. Оны ұнатпадым, жақтырмадым. Менің психикалық проблемаларым жоқ, негізі", - деді Тоқташ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір