Теннисші Анна Курникова әйгілі Энрике Иглесиасқа егіз сыйлады

16:00, 21 желтоқсан 2017

Ресейлік теннисші Анна Курникова әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиасқа егіз сыйлады. 42 жастағы Энрике алғаш рет әке атанды, - деп жазады Stan.kz.

Анна Курникова өткен демалыста Майамиде босанған.

Шетелдік журналистердің мәліметіне сүйенсек, теннисші бір қыз, бір ұлды өмірге әкелген. Жұлдызды жұп нәрестелерді Николас және Люси деп атаған.

Айта кетейік, 2011 жылы Ресейде өткен концертінде Энрике Аннаны әйелі ретінде таныстырған. Алайда біраз уақыттан кейін асығыстық танытқанын алға тартып, ресми түрде некелерін қидырмағанын мәлім еткен-ді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!