Тәліптер волейболшы қызды өлтірген біз емес дейді

15:21, 25 қазан 2021
498

© Сурет: twitter.com

Тәліптердің өзі тағайындаған Ауғанстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Назар Мохаммад Мотмаин Ауғанстан әйелдер волейбол құрамасының ойыншысы Махджубин Хакимиді "Талибан" радикалды қозғалысының содырлары өлтірді деген айыпты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Талибан" қозғалысы жалпы рақымшылық жариялады. Тіпті ондаған жылдар бойы қозғалысқа қарсы соғысқан адамдарды, мысалы, бұрынғы губернатор Герат Исмаил ханды да кешірді. "Спортшыны тәліптер өлтірді" деген қауесет бізге жабылған жала, - деді Мотмаин ТАСС-қа берген сұхбатында.

Бұған дейін Independent Persian басылымы Хакимиді Кабулда тәліптер өлтіргенін хабарлады. Басылым бұл ақпаратты Ауғанстан жастар құрамасының жаттықтырушыларының біріне сілтеме жасап жариялған еді. Оның айтуынша, волейболшы қазан айының басында өлтірілген.

Халықаралық волейбол федерациясы Independent Persian жасаған мәлімдемеге сенбейтінін және бұл өлімді тергеуді бастағанын айтты.

"Талибан" қозғалысы осы жылдың көктемінде АҚШ әскері Ауғанстаннан кеткен соң, елде бақылау орнату бойынша ауқымды операцияны бастады. 15 тамызда радикалдар Кабулды басып алды, ал Президент Ашраф Ғани елден қашып кетті. 6 қыркүйекте тәліптер бүкіл Ауған территориясына бақылау орнатылғанын мәлімдеп, 7 қыркүйекте Уақытша үкіметтің құрамы жариялады.

Дайана Тоқберген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!