Тәліптер Бас Ассамблеяда сөз алуға ниет білдіріп, БҰҰ-ға жүгінді

13:04, 22 қыркүйек 2021
550

© Сурет: Pixabay

"Талибан" радикалды қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілдері Бас Ассамблеяның 76-сессиясында сөз алуға ниет білдіріп, БҰҰ-ға жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик сейсенбіде мәлімдеді.

Оның айтуынша, тәліптер жолдаған хатта 15 тамыздан бері Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "қызметінен босатылды", сондықтан ол енді мемлекет басшысы ретінде танылмайды, ал БҰҰ-ның Ауғанстандағы тұрақты өкілі ары қарай өз елін ұйымда таныта алмайды деп жазылыпты.

Сонымен қатар, тәліптер Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ретінде Мұхаммед Сохаил Шахиннің кандидатурасын ұсынған.

Дюжарриктің айтуынша, енді "Талибанның" бұл өтініштері қарау үшін аккредиттеу комитетіне жолданған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!