Тегеранда құлаған Украина ұшағының суреттері мен видеосы жарияланды

11:02, 8 қаңтар 2020

Жаңа келіп түскен мәліметтер бойынша, бортта 167 жолаушы болған, деп хабарлайды zakon.kz Mash-қа сілтеме жасап.

Тегеран әуежайы маңына Boeing 737 - "Ukraine International Airlines" ұшағы құлап, апат болған жерге құтқарушылар шұғыл жетті, деп хабарлайды Lenta.ru Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Жафарзаденің айтуынша, ұшақ құлағаннан кейін өрт шыққан. Ол кейбір жолаушыларды құтқаруға әлі де мүмкіндік бар екенін айтты. Алайда соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, ұшақтағы барлық жолаушы мерт болған.

Украина жолаушылар ұшағы техникалық ақауларға байланысты Тегеран әуежайы маңында құлады. Бұл PS 752 Тегеран - Киев рейсі деген мәлімет бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесінде 180 жолаушы болған. Киевтегі Борисполь әуежайына ұшақ жергілікті уақыт бойынша 08:10-да жетуі тиіс болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!