Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан форумы басталады

08:00, 15 қыркүйек 2017
429

Ташкентте қарбалас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында қазақ-өзбек форумы өткелі жатыр.

Бұл жиын екі елдің экономикалық қатынасына қарқын қосады. Қос мемлекеттің байланысы бұрыннан бекем екені баршаға аян. Алайда стартегиялық серіктестер соңғы уақытта алыс-берісті барынша ұлғайтқан. Дәлірек айтсақ, жарты жылдықта көрші елдер тауар айналымын төрт есеге жоғарлатты. Ендігі нақты меже апта аяғында айқындалады. Ал санаулы уақыттан кейін басталатын кеңес сол ілкімді істің бастауы болса керек.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:        

-Қазақстандық бизнесмендер Өзбекстан астанасына аяқ басты. Олардың құр қол келмегені белгілі. Құжаттарын дайындап, айтар сөздерін сайлап, жиынға тас түйін әзір. Шамамен 1-2 сағат көлемінде форум басталады. Қолдағы мәліметке сәйкес, 47 отандық компанияның өнімдері көрмеге шығады. Мәселен, көлік құрастыру, фармацевтика, құрылыс, IT саласының мүмкіндіктері кеңінен таныстырылмақ. Екпін беріп айтатын тағы бір бағыт бар. Ол білім саласы. Көрші елдің іскер өкілдері Назарбаев Унивеститетінің білім-ғылым, медицинада қол жеткізген жетістіктерін көре алады. Сонымен бірге жаңғырған әскери техникалардың қарымы қаралып, азаматтарға арналған үкімет және Қазақстан темір жолының нәтижелі жұмыстары көрмеден орын алады. Ал өзбекстандық бизнесмендер Қазақстанда шығарылған түрлі көліктердің көрінісіне куә балады. Міне, осы салалар бойынша тараптар байланысты бекіте түседі деген жоспар тұр.  Әрине осы алаңның өзі іскерлік қарым-қатыныстың қандай қарқында өрбитінін көрсетіп тұрса керек.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!