Тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарының астанасы ортақ келісім негізінде таңдалды

17:21, 14 қыркүйек 2017

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте өтеді.

Дүбірлі доданың астаналары Халықаралық Олимпиада комитетінің Перуде өткен 131-сессиясында ресми түрде жария етілді.

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті:

-Париж де, Лос-Анджелес те дүбірлі доданы қабылдауға үлкен ынта-ықылас танытқан. Қос қаланың Олимпиада ойындарын өткізуде тәжірибесі бар.

Әуелде 2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын қабылдауға көптеген қала өтініш білдірді. Кейін соңында Лос-Анджелес пен Париж ғана қалды. Халықаралық Олимпиада комитетінің арнайы комиссиясы спорттық нысандарды көріп, қос шаһар да дүбірлі доданы өткізуге лайық деген қорытындыға келді. Бірақ нақты қайсысының өткізетінін өзара шешуі керек болды. Лос-Анджелес билігі «қалада тиісті инфрақұрылымның барлығы дайын тұр» деген дәйекті алға тартты. Алайда Париж басшылығы: «Олимпиада ауылына бөлінген жер телімі 2024 жылдан кейін бос болмайды», – деп америкалықтардан жол сұрап көрді. Ақылдаса келе, тараптар ұтымды шешім қабылдаған. Сөйтіп тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарының астанасы дауыс беру арқылы емес, ортақ келісім негізінде таңдалды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!