Талибан» мен қарулы топ арасындағы қақтығыстан 17 адам қаза тапты

11:10, 25 қазан 2021
439

© Сурет: pixabay

Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат қаласындағы "Талибан" радикалды қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мен қарулы топ арасындағы қақтығыстардың салдарынан кемінде 17 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Басылымның мәліметінше, 24 қазан, жексенбі күні түстен кейін қала көшелерінде атыс басталып, түнге дейін созылды. Зардап шеккендердің арасында жеті бала және үш әйел бар. Тағы бірнеше адам жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Бұл – 12 тамызда Талибан қаланы бақылауға алғаннан бері Гераттағы алғашқы қарулы қақтығыс.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!