Тақтан түсетін түрі жоқ. Путиннің жасы 70-ке таяп қалды

11:23, 7 қазан 2021
581

© Сурет: kremlin.ru

Дамыған, демократиялық Батыс елдері көбіне диктатор және автократ деп танитын Ресей президенті Владимир Путиннің 7 қазанда туған күні, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бүгін 69 жасқа толды.

Конституцияға өзгерту енгізу арқылы енді бұрынғы президенттік мерзімдері есептелмей, "нөлден" басталатындай ететін қулығын жүзеге асырып алған Путин тірі тұрса, әлі 2024 жылғы және 2030 жылғы президент сайлауына түсе алады.

1999 жылдың 31 желтоқсанында Ельцин отставкаға кеткеннен бері Путин Ресей билігін өз уысында ұстап келеді.

Жеке дәрігері Сергей Мироновтың сөзінше, Путиннің денсаулығы әлі өте мықты, медициналық көрсеткіштер бойынша оның организмі өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!