Такси жүргізушісі көлігіне отырған 12 жасар қызды зорлап тастады

15:55, 30 наурыз 2018
693

Қырғызстанның Шолпан ата қаласында 53 жастағы ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қылмыс 25 наурыз күні шамамен сағат 22.00-де жасалған.

"Милицияға арыз 26 наурыз күні зардап шегушінің анасынан түсті. Оның айтуынша, қызы "Рух-Ордо" этнокешені маңында адасып кетіп, такси жүргізушіден көлігінде жылынып алуды өтінген. Ер адам 12 жастағы қызға тамақ алып бергеннен кейін оны күш қолданып, зорлаған ", — деді Усубакунов.

Sputnik Қырғызстан агенттігі хабарлағандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1965 жылы туған ер адамды ұстаған. Сталбек Усубакуновтың айтуынша, күдікті қылмысын бірден мойындаған.

"Ұсталған ауыл тұрғыны этнокешенде күзетші болып жұмыс істейтінін айтты. Қыз оған шамамен сағат 20.00-де келіп, көлігінде жылынып алуын өтінген. Ол қызды өз бөлмесіне алып барып зорлаған, кейін үйіне жеткізіп салған", — деп толықтырды Усубакунов.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Құқық қорғаушылар Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 129-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!