Судан үкіметі оставкаға кетті

20:36, 9 шілде 2020
334

Судан үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

ТАСС таратқан ақпаратқа сай, министрлер кабинетінің бұл жағдайға байланысты ресми мәлімдемесі кейінірек жарияланады.

29 маусымда елдің премьер-министрі Абдалла Хамдук халыққа үндеу жасап, алдағы екі аптаның ішінде маңызды шешімдер қабылданады деген.

Елдің бұл үкіметі 2019 жылдың қыркүйегінің басында ант қабылдаған, мамырда бірқатар ауыс-түйістер жасалған.

Министрлер кабинетінің жаңа құрамы кейінірек жарияланады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір