Су тасқыны Ұлыбританияның ондаған өңіріне қауіп төндіруде

12:56, 14 қаңтар 2017

Ұлыбританияның шығысында құтқарушылар жағалау маңындағы мыңдаған адамды су тасқынынан құтқаруда, деп хабарлайды Sky News телеарнасы.

Операцияға әскерилер жұмылдырылған.

Алапат толқындардан Норфолк, Саффолк және Эссекс графтығындағы елді мекендерді шайып кету қаупі туындап отыр. Линкольншир тұрғындарына, сонымен қатар Солтүстік және Шығыс Йоркшир тұрғындарына жағалауға жақындауға тыйым салынды.

Су тасқыны елдің ондаған өңіріне қауіп төндіруде. Барлық графтықта өз үйлерін тастауға мәжбүр болған адамдарға арнап уақытша тұру орталығы құрылды. Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияның барлық аумағында қалың қар түсуі, қатты жел мен көктайғақ күтілуде.   

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!